Жамбыл облысында өнеркәсіптік объектілердегі еңбек жағдайын (физикалық факторлар) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 1 жартыжылдығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы сейкестікке тексеру кестесіне сай және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға 3 өндірістік кәсіпорындар жоспарланып, оның ішінде 2 тексерілді.

Шу өлшемдері 52 жұмыс орынында жүргізілді, оның ішінде рұқсат етілетін шекті деңгейден асып кету анықталмады.Электр магниттік өріс  көздерімен тексерілген жұмыс орындарының  саны –  12, оның ішінде рұқсат етілетін шекті деңгейден асып кету анықталмады. Жарықтандыру бойынша тексерілген жұмыс орындарының  саны –  44, оның ішінде рұқсат етілетін шекті деңгейден асып кету анықталмады. Микроклимат бойынша тексерілген жұмыс орындарының  саны –  12, оның ішінде асып кетулер анықталмады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сай өнеркәсіптік әкімшілік шаралар қолданылды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым рәсімделіп, табыс етілді. Барлық ұйғарымдардың орындалуын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалар бақылайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1253278?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version