Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі баршаңызды «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауына қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, жарнама мәтіндерін сауатты ресімдеуді насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тіл мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарды қолдау.
Байқауға қатысуға шақырылады:
– квазимемлекеттік сектор өкілдері;
– кәсіпкерлік субъектілері;
– тауар өндірушілер;
– жарнама мәтіндеріндегі тілдік қателерді анықтау және түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар.
Өтінімдер 2026 жылғы 15 шілдеге дейін ovp.zhambyl@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу туралы ереже қоса беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Дружбы көшесі, 8, немесе 2-18-41 телефоны арқылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1253309?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау