Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 723-бабында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы екенін хабарлайды.
ЖЭҚТЖ 68201 «Өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» қызмет түрі осы арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейді. Сондықтан өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру, оның ішінде басқа елді мекенде орналасқан мүлікті жалға беру, өздігінен жалпыға бірдей салық салу тәртібіне көшуге негіз болып табылмайды.
Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар арнаулы салық режимі шеңберінде салық салынатын табыстар құрамында көрсетіледі және жеке кәсіпкердің тіркелген жері бойынша ұсынылатын 910.00 нысанындағы жеңілдетілген декларацияға енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1253165?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау