Облыста ғылым мен инновацияны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, ғылыми және білім беру қауымдастығының, мемлекеттік органдардың, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері енген Өңірлік ғылымды дамыту жөніндегі кеңес құрылды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Жетісу облысы әкімдігі жанындағы Өңірлік ғылымды дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында Кеңестің алдағы қызмет бағыттары, сондай-ақ Жетісу университеті әзірлеген ғылыми-техникалық тапсырмалар талқыланды.
Сонымен қатар, Жетісу облысы үшін өңірлік ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары айқындалды:
- агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
- экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
- энергетика;
- өмір туралы ғылымдар және денсаулық сақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- өнеркәсіп.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/1255035?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау