⚜️⚽«AMANDYK CUP II»🏐ТУРНИРІ ӨТТІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 08 шілдесі күні Қызылжар ауылының құрметті азаматы, мәдениет саласының үздігі, спорт пен өнердің жанашыры Жүгінісов Амандық Әлімжанұлын еске алуға арналған шағын футбол және волейболдан аймақтық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Аталған турнирге Арал ауданының әр аймағынан және Қазалы ауданы, Қызылту ауылынан спортшылар қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты – ардақты азаматтың жарқын бейнесін ұлықтап, оның спорт пен мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін кейінгі ұрпаққа насихаттау болды.

Турнир аясында марқұмның рухына бағышталып, ауыл мешітінде құран бағышталып, келген қонақтарға ас берілді.

Кешкі уақытта Жүгінісов Амандық Әлімжанұлының ұлы Ернар Амандықтың және еліміздің өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Тағылымды шараға қатысушылар Жүгінісов Амандық Әлімжанұлын құрметпен еске алып, оның елге сіңірген еңбегі мен өнегелі өмір жолы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын атап өтті!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-raiym/press/news/details/1256986?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version