⚡️Семей қаласының білім бөліміне басшы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚡️Семей қаласының білім бөліміне басшы тағайындалды

Абай облысы білім басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес, Нуралдинов Айдын Тлектесұлы Семей қаласы білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Айдын Тлектесұлы 1987 жылы 20 маусымда бұрынғы Бесқарағай ауданы, Үлкен-Владимировка ауылында дүниеге келген.

2005 жылы М.О. Әуезов атындағы Семей университетіне оқуға түсіп, 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Информатика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Бесқарағай ауданындағы «Беген орта мектебінде» информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

Әр жылдары білім беру саласында басшылық және педагогикалық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, «Беген орта мектебінде» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры болды. Сонымен қатар, «Өндіріс орта мектебін» басқарды. Кейін Семей қаласының білім бөлімінде инженер-бағдарламашы және әдіскер қызметтерін атқарды.

2022 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы шілдеге дейін Абай облысы Семей қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1256657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version