Жамбыл ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, жанұялық құндылықтарды дәріптеу, өнегелі отбасыларды қоғамға үлгі ету және ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.
Жеңімпаздарды Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекпаева Құралай Жәкенқызы салтанатты түрде марапаттап, дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Саттарова Жұлдыз Сәлімжанқызы қатысушыларды құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, ізгі тілегін білдірді.
Конкурс қорытындысы бойынша:
🥉 ІІІ орын – Пресновка ауылынан Ақбасовтар отбасы;
🥈 ІІ орын – Благовещенка ауылынан Тастановтар отбасы;
🥇 І орын – Жамбыл ауылынан Джембаевтар отбасы.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша Джембаевтар және Тастановтар отбасылары Жамбыл ауданының намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – отбасы құндылықтарын дәріптеуге, өнегелі жанұялардың мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды жоба. Осындай үлгілі отбасылар қоғамдағы бірлік пен татулықтың, ұрпақ тәрбиесінің және ұлттық құндылықтардың жарқын үлгісі болып табылады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Джембаевтар мен Тастановтар отбасыларына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және толайым табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1257255?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау