📢📢📢Құрметті Ақтөбе облысының кәсіпкерлері!
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы сіздерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдерімен ашық кездесуге қатысуға шақырады.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері, заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар, жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек қатынастары саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру ерекшеліктері қаралатын болады.
Кездесудің айрықша құндылығы- ашық диалог форматында уәкілетті органның мамандарына тікелей жүгіну, қызықтыратын мәселелер бойынша құзыретті түсініктемелер алу және бизнестің күнделікті жұмысында кездесетін нақты жағдайларды талқылау мүмкіндігі.
Бұл формат еңбек заңнамасының нормаларын қолдану кезінде қателіктерді жібермеуге және тікелей мамандардан жауап алуға мүмкіндік береді.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 30 маусым сағат 15:00
Өтетін орны: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы 22К, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы, 1 қабат, кіші конференц-зал.
Қатысу тегін.
Қатысу үшін +7 702 293 94 43
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1256074?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау