🔰 ТҮЛКІБАС: «STANDARD SECURITY» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түлкібас ауданында орналасқан «Standard Security» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
 
Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиға орын алған жерге арнайы барып, мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
 
Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы Серіктестіктің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1256479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version