10-шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті әріптестер, ветеринария саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

​         Сіздерді кәсіби мерекеміз – Ветеринариялық қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

​Біздің мамандық – терең білімді, үлкен жүректі және ерекше төзімділікті талап ететін мәртебелі кәсіп. Ғасырлар бойы қалыптасқан «Малдың саулығы жанның саулығы» деген даналық сөз біздің атқарып жатқан жұмысымыздың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін айқындап тұр.

​Павлодар облысының ветеринариялық қауіпсіздігі мен эпизоотиялық тұрақтылығы – сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіздің, өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың тікелей нәтижесі. Ауа райының ыстық-суығына қарамастан, өңірдегі мал шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халық денсаулығын қорғау жолында аянбай тер төгіп келесіздер. Осы жолдағы ерен еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз үшін әрқайсыңызға шынайы алғысымды білдіреміз.

​Құрметті әріптестер! Әсіресе, өмірін осы салаға арнап, бүгінде жас мамандарға үлгі болып жүрген ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Біз сіздер салған сара жолды лайықты жалғастырып, облысымыздың ветеринария саласын жаңа деңгейге көтеру үшін аянбай еңбек ете береміз.

​Осынау мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке және жауапты да игілікті жұмыстарыңызға толағай табыстар тілеймін! Ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын.

​         Кәсіби мерекеміз құтты болсын, әріптестер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-veterinariya/press/news/details/1256103?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version