14 жастағы темірлік жасөспірім үйінен тері өңдеу цехын ашып, ұлттық бұйымдар жасауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде тұратын Қызылжар орта мектебінің 9-сынып оқушысы, 14 жастағы жас қолөнерші Нұралы Алтынбекұлы ұлттық қолөнерді жаңғыртып, үйінен шағын тері өңдеу цехын ашып, кәсіппен айналысып келеді.
Нұралы 2024 жылдан бері теріден ұлттық бұйымдар жасап, осы уақытқа дейін 100-ден астам қамшы өріп, еңбегі арқылы табыс тауып жүр. Сондай-ақ торсық секілді дәстүрлі бұйымдарды да өз қолымен әзірлейді. Бір қамшыны толық дайындауға шамамен бір апта уақыт кетеді.Жас шебердің ерекшелігі – теріні өз қолымен илеуі. Оның айтуынша, тері илеу – аса жауапкершілік пен шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Ол үшін алдымен «малман» деп аталатын арнайы қоспа дайындалады. Малманның екі түрі бар: айранның сары суынан және қарабидай ұнынан әзірленеді. Қоспа бір апта бойы ашытылып, кейін тері тағы бір апта бойы иінін қандыру үшін соған салынады. Осы аралықта қоспаны күн сайын араластырып, терінің жүнін толық қырып тазартады.
Нұралы Алтынбекұлы – белгілі қолөнер шебері, тері өңдеу ісінің маманы, №1 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Нұрлан Джакибаевтың шәкірті. Ол үш жыл бойы ұстазынан ұлттық тері өңдеу мен қамшы өрудің қыр-сырын меңгерген.
Бүгінде жас шебер ұлттық мұраны жаңғыртып қана қоймай, өз еңбегі арқылы табыс тауып, қатарластарына еңбекқорлық пен кәсіпкерліктің үлгісін көрсетіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1257526?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version