2026 жылғы 08 шілдеде, Пригородное ауылында «Таза ауыл – ортақ ісіміз» атты экологиялық акция өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 08 шілдеде, Пригородное ауылында «Таза ауыл – ортақ ісіміз» атты экологиялық акция өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру және ауыл аумағын абаттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
🎉 Акция жарқын эко-мереке форматында өтті. Іс-шараны «Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ, Жітіқара ауданы әкімдігі және Solidcore Resources бірлесіп ұйымдастырды.
🎤 Қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік концерттік бағдарламаны Аудандық мәдениет сарайы ұсынып, экологиялық шараның сәнін келтірді.
🏃🏻 Акция бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты болды. Іс-шараның басында қатысушылар төрт командаға бөлініп, алғашқы шағын байқауға қатысты. Әр команда өз атауын ойлап тауып, экологиялық ұранын таныстырды. Одан кейін экологиялық сенбілік өтіп, командалар өздеріне бекітілген көшелер мен ауылдың қоғамдық аумақтарын тазалау жұмыстарын жүргізді.
🌱 Сенбіліктен кейін қатысушыларды тағы екі қызықты байқау күтті:
🌿 «Табиғат білгірлері» атты экологиялық викторинада командалар экология мен қоршаған орта туралы білімдерін сынады;
📸 «Акциядан ең креативті фото» атты шағын байқауда қатысушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, осы күннің ж�

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1255727?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version