2026 жылғы 09 шілдеде Мойынқұм ауданында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді.
Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдастырылды.
Акцияға мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы, адвокат, нотариус және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері қатысты.
Акция барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтарын қорғау және іске асыру тәртібі бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1256617?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау