Абай облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Бесқарағай ауданына арнайы келіп, жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында жастарға мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, еріктілік, білім беру және тұрғын үйге қатысты қолданыстағы мүмкіндіктер назарға ұсынылды.

Кездесу барысында облыстағы жастар саясатының негізгі көрсеткіштері таныстырылып, Бесқарағай ауданындағы жастарға қатысты оң өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ауданда 4 070 жас тұрады, ал NEET санатындағы жастар саны жыл басындағы 70 адамнан 59 адамға дейін төмендеп, жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін көрсетті.

Іс-шара аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметіне мониторинг жүргізіліп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу барысы бағаланды. Сонымен қатар «Жастарға психологиялық қолдау көрсету және бала құқықтарын қорғау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылып, жастарға психологиялық саулық, құқықтық сауаттылық және қауіпсіздік мәселелері бойынша жан-жақты мәлімет берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1255899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version