Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында кала әкімінің аппараты басшысы, әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты нығайту, азаматтармен қарым-қатынаста кәсібилік пен жауапкершілікті арттыру.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауы, заңдылықты сақтау, бейтараптық, ашықтық, сыпайылық және қызметтік этика талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әдептілік таныту, қызметтік әдепке қайшы келетін әрекеттердің алдын алу және ұжымдағы өзара сыйластықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруына және құмар ойындарға қатысуына жол бермеудің маңыздылығы айтылып, мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері әсер ететіні атап өтілді.
Семинар соңында мемлекеттік қызметші әрдайым жоғары адамгершілік қасиеттерді ұстанып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру міндетті атап өтілді. Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен беделін көтерудің, қоғам сенімін нығайтудың маңызды кепілі екендігі айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1256716?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау