Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, 37-бабының 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 4-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
- «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары М.Ж.Нұртазиевке жүктелсін.
|
Аудан әкімі |
М. Өмірәлиев |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1256936?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау