Алакөл ауданында әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті
11 шілде күні Алакөл ауданында әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты ұйымдастырылды. Спорттық дода Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту бөлімі және спорттық іс-шараларды өткізу клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарабұлақ спорт кешенінде өтті.
Чемпионатқа ауданның ауылдық округтері мен Үшарал қаласынан жасақталған 6 команда қатысып, 60-тан астам спортшы бақ сынады.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Еңбекші ауылдық округінің командасы;
🥈 ІІ орын – Үшарал қалалық округінің командасы;
🥉 ІІІ орын – Екпінді ауылдық округінің командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен 🏅 және Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар үздік ойыншылар аудан құрамасына іріктеліп алынды.
📅 Айта кетейік, 15–18 шілде аралығында Алакөл ауданында әйелдер арасында волейболдан Жетісу облысының чемпионаты өтеді. Аудан намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1257089?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау