Алакөл ауданында мемлекеттік қызметшілерге заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алакөл ауданында мемлекеттік қызметшілерге заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

14 шілде күні Алакөл ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А. Асқардың және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған кездесу өтті.

Жиын барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1257791?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version