Алакөл жағалауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алакөл жағалауында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жетісу жастары» жастар ұйымының өкілдерімен бірлесіп экологиялық акция өткізді.

Алакөл – Қазақстанның ең көрікті табиғи жауһарларының бірі. Жыл сайын мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден мыңдаған турист келеді. Сондықтан оның табиғи сұлулығы мен тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Акция барысында қатысушылар жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, демалушыларға қоршаған ортаны аялау, қоқысты арнайы орындарға тастау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатынын атап өтті. Осындай игі бастамалар табиғатты сақтауға ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.

Жетісу облысының Полиция департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және «Таза Қазақстан» акциясына белсенді үлес қосуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1255779?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version