Алматыда жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11–16 шілде аралығында Алматы қаласының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Алты күн бойы полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтауға баса назар аударады. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзуы, сондай-ақ қоғамдық көлік, мотоцикл және мопед жүргізушілері тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар бақылауға алынады.

«Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігінен басталады. Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, қайғылы оқиғалардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалу. Барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Заң мен тәртіп – өзара құрметтен басталатынын әрдайым есте ұстаған жөн», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Алматы полициясы Жол жүрісі қағидаларын сақтау – жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін қауіпсіздіктің басты кепілі екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1257730?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version