ALTAI FEST: Қауіпсіздік — алдын алудан басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ALTAI FEST: Қауіпсіздік — алдын алудан басталады

Халықаралық «ALTAI FEST» фестивалі аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар мен көптеген қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды алдын алу шараларын жүргізуде.

Фестиваль бойы полиция қызметкерлері азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер беруде. Сонымен қатар, демалушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, заңнаманы сақтау, жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін еске салып отыр.

Көші-қон қызметінің мамандары шетелдік қонақтарға ерекше назар аударуда. Олар көші-қон заңнамасы бойынша кеңес беріп, Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерімен таныстыруда, сондай-ақ туристердің байланыста болып, қажет болған жағдайда шұғыл көмек алуы үшін «SAFETRAVEL.KZ» карталарын табыстауда.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері фестиваль қатысушыларымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, есірткі заттарының заңсыз айналымының қауіпті салдары туралы ескертуде. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, тақырыптық буклеттер тарату арқылы құқықтық мәдениетті арттыруда.

Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмады. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды, көлік ағыны мен келушілер саны көп болғандықтан, жол қауіпсіздігіне барлық қатысушылардың өзара жауапкершілігін еске салуда.

Профилактика – фестивальдегі қоғамдық тәртіпті сақтаудың ажырамас бөлігі.
Азаматтармен ашық диалог құру, уақтылы ақпараттандыру және ықтимал тәуекелдердің алдын алу – «ALTAI FEST» қонақтарының мерекеде өз қауіпсіздіктеріне сенімді болуына мүмкіндік береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1256978?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version