«Altay Fest»-тің төрт аяқты сақшылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Altay Fest»-тің төрт аяқты сақшылары

Қонақтар «Altay Fest» атмосферасына бөленіп жүргенде, полиция қызметкерлері мен олардың сенімді төрт аяқты серіктестері қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалауда.

Кинологиялық қызметтің иттері полицейлермен бірге кезекшілік атқарып, айналадағы жағдайды мұқият бақылауда және кез келген сәтте жүктелген міндеттерді орындауға дайын.

Жауапты қызмет атқарса да, Логан мен Оскар қонақтардың, әсіресе балалардың ықыласын қуана қабылдайды. Бүлдіршіндер полицияның төрт аяқты көмекшілерімен қызыға танысып, естелік суретке түсуде.

Адалдық, жоғары дайындық пен кинологтардың өз серіктестерімен үйлесімді жұмысы — фестивальдегі қауіпсіздіктің сенімді қолда екенінің тағы бір айқын дәлелі. 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1256969?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version