Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков қаладағы күрделі жөндеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйімен танысып, тұрғындармен кездесті.
Жұмыс сапасын зерделеу мақсатында М.Балақаев көшесінде орналасқан тұрғын үйлерге арнайы барып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар атқарылған жөндеу жұмыстары бойынша өз ойларын білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Аппарат басшысы көтерілген ұсыныстардың назарға алынатынын айтып, жауапты сала басшыларымен шешу тетіктерін қарастыратынын жеткізді.
Аталған тұрғын үйлер 1984 жылы салынған. Күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталып, 2024 жылы толық аяқталған. Жалпы 8 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, №41, 45, 47, 49, 51, 53, 55 және 57 тұрғын үйлердің шатыры, қасбеті мен инженерлік жүйелері жаңартылды.
Түркістан қаласы әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындармен кері байланысты күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1256751?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау