2026 жылғы 12 шілдеде өткен сайлау қорытындысы бойынша Жүнісов Ғани Спартақұлы Ақсүйек ауылының әкімі болып қайта сайланды.
Ғани Спартақұлы 1979 жылғы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді маман. Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономика колледжінде «бухгалтер», ал Менеджмент және маркетинг институтында «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Мойынқұм аудандық статистика бөлімінде экономист болып бастап, кейін аудан әкімдігінің қаржы бөлімінде бас маман қызметін атқарды. Әр жылдары кәсіпкерлік саласында және жеке секторда табысты еңбек етіп, 2020 жылдан бастап Ақсүйек ауылы әкімдігі аппаратында қызмет атқарды. 2022 жылдан бері Ақсүйек ауылының әкімі ретінде елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жақсартуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырып келеді.
Ауыл тұрғындарының сенімі мен қолдауының нәтижесінде Ғани Спартақұлы 2026 жылғы 12 шілдеде өткен сайлауда қайтадан жеңіске жетіп, 13 шілдеден бастап Ақсүйек ауылының әкімі қызметіне кірісті.
Жаңа қызметінде ел игілігі жолындағы еңбегі жемісті болып, Ақсүйек ауылының өркендеуі мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы бастамалары табысты жүзеге аса беруіне тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1257784?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау