Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақ желкен тұрғын алабы мен «Солдат» теңіз жағалауы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың еркін демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында жағажай аумағында заңсыз орналастырылған 30-ға жуық палатка анықталып, алынды. Палатка иелеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ақтау қаласы Полиция басқармасы азаматтарды қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп талаптарын сақтауға, жағажай аумағында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналыспауға және тұрғындар мен қала қонақтарының еркін демалуына кедергі келтірмеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255952?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау