Ақтауда теңіз жағалауынан 30-ға жуық заңсыз орналастырылған палатка тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласында жазғы маусым кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету, заңсыз кәсіппен күресу мақсатында теңіз жағалауларында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
 
Кезекті рейдтік іс-шараны Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты мен Ақтау қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің өкілдері ұйымдастырды. Рейд барысында «Ақжелкен» тұрғын алабындағы теңіз жағалауында заңсыз орналастырылған палаткалар анықталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тәркіленді.
 
– Құрметті кәсіпкерлер! Теңіз жағалауында заңсыз сауда қызметін жүзеге асырмауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарынан жағажай аумағында тазалықты сақтауды, қоғамдық тәртіпті бұзбауды және мас күйінде суға түспеуді сұраймыз, – деді Ақтау қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Рахаев.
 
Рейд барысында заңсыз орналастырылған 30-ға жуық палатка анықталып, олардың иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
 
Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар теңіз жағалауларында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1255940?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version