Ақтауда өткен USHU Festival аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жастар арасында есірткінің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық акция өткізді.
Фестиваль қатысушыларына есірткі заттарын қолдану мен таратудың зияны, оның адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды спортпен айналысуға, белсенді өмір салтын ұстануға және дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың пайдалы орта қалыптастыруына, қоғамдағы оң құндылықтарды нығайтуға және салауатты ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1256156?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау