Ақтөбе облысының асық ату құрамасы ұлттық спорт тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді. Елордада өткен ересектер арасындағы командалық Қазақстан чемпионатында ақтөбелік спортшылар тұңғыш рет ел чемпионы атанып, өңір мерейін үстем етті.
3–6 шілде аралығында өткен асық ату мен бес асықтан ересектер арасындағы командалық Қазақстан чемпионаты алғаш рет еліміздің барлық өңірінің қатысуымен ұйымдастырылды. Үш күнге созылған тартысты бәсекеде Ақтөбе облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, мүмкін болған 19 ұпайдың 18-ін еншіледі. Нәтижесінде ақтөбелік асықшылар жаңа форматтағы алғашқы командалық Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Павлодар облысы екінші, Қарағанды облысы үшінші орынға тұрақтады.
Бұл – Ақтөбе облыстық Асық ату федерациясы құрылғаннан бергі төрт жыл ішіндегі ең ірі жетістік. Құраманың басым бөлігін Ырғыз ауданының спортшылары құрайды. Олардың табандылығы мен жүйелі дайындығы республикалық додада өз нәтижесін берді.
Қазақстан чемпионы атанған спортшылар Ақтөбеге оралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1255637?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау