Ақтөбеде бопсалау арқылы ақша талап етті деген күдікпен әйел ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау жасады деген күдікпен 33 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті 100 мың теңгені алу кезінде қылмыс үстінде қолға түсті.

Полицияға арызданған ер адамның айтуынша, ол TikTok әлеуметтік желісі арқылы әйелмен танысқан. Кездесуден кейін олардың арасында жақын қарым-қатынас болған. Біраз уақыт өткен соң әйел одан ақша талап етіп, құқық қорғау органдарына өзін зорлады деген жалған арыз жазатынын айтып қорқытқан.

Жәбірленушінің мәліметінше, ол қорқыту салдарынан күдіктіге 300 мың теңге берген. Кейін әйел тағы 100 мың теңге талап еткен. Ақшаны алу кезінде ол полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Аталған факті бойынша бопсалау бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарға бопсалау – ауыр қылмыс екенін ескертеді. Егер сізге қатысты қорқыту, бопсалау немесе ақша не өзге де мүлікті талап ету фактілері орын алса, уақыт оздырмай полицияға жүгініңіз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1256702?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version