АРМАН АБДУЛЛАЕВ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДАҒЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы орталық стадионда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының орындалу барысымен танысып, құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Нысанды аралау барысында аудан басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және құрылыс нормаларына толық сәйкес жүргізілуінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар әрбір жұмыс кезеңінің сапалы әрі уақытылы аяқталуы қатаң бақылауда болуы керектігін атап өтті.

Қазіргі таңда стадион аумағында жер және жоспарлау жұмыстары, футбол алаңының негізін тегістеу, көрермендерге арналған трибуналарды ретке келтіру және аумақты абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Айта кетсек, Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадионды күрделі жөндеу жұмыстары жобалау-сметалық құжаттама негізінде жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – «ВИБО-Строй» ЖШС атқаруда. Жоба толық аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары халықаралық талаптарға сай жаңартылған спорт нысанын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1256787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version