«Заң және Тәртіп» қағидаты және Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында Сарыарқа ауданында профилактикалық рейд өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, прокуратура, полиция және кинологиялық қызмет мамандары қатысты. Рейд барысында 30-дан астам бар мен түнгі клуб тексерілді.
Тексеру кезінде есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуы және заңнама талаптарының сақталуы назарға алынды. Нысан әкімшіліктерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1255742?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау