Қадірменді жерлестер! Құрметті аудан қонақтары!
Сіздерді бүгінгі еліміздегі ерекше мереке 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Азаттықты аңсаған кешегі ата-бабаларымыздың арманындай болған халқымыздың бас қаласы – ұлттық нақыштағы әсемдікке тұнған шырайлы шаһар.
Бүгінде ордалы отыздан асқан қаламыз жастарымыздың алдағы өмірлеріне мақсат-жоспарларын құратын, алты құрлық алпауыттарының ат басын тірейтін алтынқазығы болды.
Тарихи өлшеммен алсақ қысқа мерзімде әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, маңызы зор келіссөздер жүргізетін, халықаралық іргелі жиындардың алаңына айналды.
Олай болса, осынау қуанышты мереке күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін.
Елордамыз еңселі, елдігіміз мәңгі болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1256340?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау