Астана күніне арналған велошеру өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 6 шілде – Астана күніне орай Орал қаласында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және велосипед спортын кеңінен дәріптеу мақсатында мерекелік «Велошеру» ұйымдастырылды.
12 шақырымды құраған «Жеңіс алаңы – Жәңгір хан көшесі – №30 ЖОББМ – Жеңіс алаңы» бағыты бойынша өткен велошеруге Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің бастауымен білім саласының 60-қа жуық қызметкері белсенді қатысты.
Шара барысында қатысушылар спортқа деген сүйіспеншілігі мен белсенді өмір салтын ұстанатынын көрсетті. Сонымен қатар, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қызметкері Фархат Сарсенғалиев отбасымен бірге қатысып, «Спорттық жанұя» үлгісін паш етті.
Осындай игі бастамалар қоғамда дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың дамуына серпін беріп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосады.
Астана күні құтты болсын! Еліміз аман, мерекелі де жеңісті күндеріміз көп болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1256214?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version