Astana Pop Up Store: елордада жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Astana Pop Up Store жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль Креативті индустрияларды дамыту қоры мен MOST Holding арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылған алғашқы бірлескен жобалардың бірі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Екі күн бойы фестиваль алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 50-ден астам жергілікті бренд авторлық киім-кешектерін, аксессуарларын, зергерлік бұйымдарын, интерьер заттарын, косметикасын, үйге арналған тауарларын және өзге де бірегей өнімдерін ұсынады. Келушілер отандық дизайнерлер мен креаторлардың туындыларымен танысып қана қоймай, оларды тікелей сатып ала алады.

Қонақтарға арналған мазмұнды мәдени бағдарлама әзірленген. Сахнада Moldanazar, Asiya, Torearyq, Yez және Oeleye өнер көрсетеді. Сондай-ақ диджейлердің музыкалық сеттері, гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары, ұтыс ойындары мен түрлі интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылады.

Astana Pop Up Store – жергілікті брендтерді қолдауға, креативті кәсіпкерлікті дамытуға және қазақстандық креативті өнімдерді насихаттауға арналған жаңа алаң. Жоба дизайнерлерге, кәсіпкерлерге және креативті индустрия өкілдеріне өз өнімдерін таныстыруға, іскерлік байланыстарын кеңейтуге және жаңа серіктестік жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Фестиваль 11-12 шілде күндері сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары қазақстандық үздік брендтермен танысып, отандық креаторларға қолдау көрсетіп, креативті индустрияның ең жарқын шараларының бірін тамашалай алады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1256838?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version