Павлодар облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында (бұдан әрі-ӨКП) «Істердің соттылығы, экономикалық және әкімшілік дауларды қалай ажыратуға болады», сондай-ақ «Дауларды шешудің балама тәсілі ретінде татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы, ӨКП, мемлекеттік органдардың, заң қоғамдастығының, адвокатура мен бизнестің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға экономикалық және Әкімшілік дауларды ажыратудың ерекшеліктері, істердің соттылығын анықтау мәселелері, сондай-ақ жанжалдарды реттеудің тиімді тетігі ретінде татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылықтары түсіндірілді.
Ашық диалог форматында қатысушылар құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылады, пікір алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар, сот жүйесі мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1257046?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау