Сауран аудандық мәслихаты төрағасының
2026 жылғы 10 шілдедегі №7
ШЕШІМІ
Сегізінші шақырылымдағы
Сауран аудандық мәслихатының
кезектен тыс қырық жетінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 11:00-де Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы шақырылсын.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА
Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (1-қабаттағы кіші мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 14 шілде сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sauran/press/news/details/1256742?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау