Ермек Серкебаев атындағы арнайы жүлдемен және 500 мың теңгелік сертификатпен Есіл ауданы «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі-2026» облыстық байқау-конкурсының гала – концертінің қорытындысы бойынша марапатталды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз, құрметті әріптестер. Аудандық байқау-конкурсын дайындауға және өткізуге қатысқан барлық директорларға, мәдениет үйлерінің ұжымдарына, демалыс орталықтарының әдіскерлеріне, аудан кітапханашыларына, музей қызметкерлеріне, ауылдық округтердің барлық әкімдеріне, мектеп директорларына үлкен алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-fks/press/news/details/1256982?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау