АУЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылдық елді мекендерде білім беру сапасын арттыру мақсатында 5 ауылда жаңа 48 орындық мектептердің жобалары әзірленуде.

Жоба аясында жаңа білім беру нысандары мына ауылдарда салу жоспарланған:

Ақжайық ауданы – Жаңажол ауылы;

Бөкейорда ауданы – Жиекқұм ауылы;

Жәнібек ауданы – Тегісшіл ауылы;

Казталов ауданы – Әбіш және Көмекші ауылдары.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, жобалаушы ұйым анықталды. Бүгінде барлық нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобалар ауыл оқушыларына заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі жайлы білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа мектептер – ауылдың дамуына және өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған маңызды инвестиция.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1257515?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version