БӘЙДІБЕК: БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ҮШ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудандағы 11 ауылдық округте 50 елді мекен бар. Олардағы халықтың саны 48 мыңнан асады.
 
Қазіргі таңда 43 елді мекен көгілдір отынмен қамтылған. Үш елді мекенде, яғни Борлысай ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кеңсай, Шұқыршақ ауылдарында газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Тағы бір елді мекен Ақтаста жобалық сметалық құжат дайындалып, қаржыландыруға ұсынылған. Қаражат қаралған жағдайда жылдың соңына дейін аудандағы барлық елді мекен 100% газбен қамтылады деп жоспарлануда.
 
Айта кету керек, ауданда үш елді мекен (Қызылжар, Үсіктас, Байжансай) экономикалық тиімсіз деп танылған.
 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1255911?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version