Баку қаласында «Эгмонт» тобының Пленарлық апталығы және Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Қаржылық барлау бөлімшелері (ҚББ) форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының 32-ші пленарлық аптасына және Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Қаржылық барлау бөлімшелері (ҚББ) форумына қатысты.

Пленарлық отырысқа 180-нен астам елдің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары, қайта тағайындалған ФАТФ президенті Джайлс Томсон және жетекші халықаралық сарапшылар қатысты.

Пленарлық отырыстың негізгі тақырыптарының бірі ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік болды.

Қатысушылар қаржылық барлау ақпараттарымен алмасудың тиімділігін арттыруға, трансшекаралық тәуекелдерді анықтауға, сондай-ақ жасанды интеллектіні қоса алғанда, заманауи технологияларды қолдануға бағытталған өзара іс-қимылдың жаңа модельдерін талқылады.

 Пленарлық апта аясында Швейцарияның қаржылық барлау бөлімшесімен кездесу өтіп, оның барысында ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.

ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Қаржылық барлау бөлімшелері форумында қылмыстық кірістерді жылыстату тәуекелдері мен өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Болгария, Намибия және ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Анықтама үшін: Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан. Венгрия мен Түрікменстан ұйым жанындағы бақылаушы мемлекеттер мәртебесіне ие.

Қазақстанның аталған іс-шараларға қатысуы Агенттіктің халықаралық деңгейдегі ұстанымын нығайтып, тәжірибе алмасу мен қаржылық қауіпсіздік саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1257748?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version