Балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу мәселелері бойынша бірлескен профилактикалық кеңестің өткізілуі туралы мәлімет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент пен Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы бірлесіп ірі кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу және кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ балалар еңбегін пайдаланғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі мәселелері қаралды.

Қатысушылардың назарына жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері жеткізілді. Атап айтқанда, «Артем» базары, «Ажар», «Шапағат» және «Сары-Арқа» сауда үйлерінің аумағында балалар еңбегін пайдаланудың 15 фактісі анықталғаны туралы ақпарат берілді. Анықталған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін белгіленген тәртіппен тіркелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1256022?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version