Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жасанды интеллект және интернет-алаяқтық: алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары» тақырыбында ашық сабақ өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жасанды интеллект және интернет-алаяқтық: алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Қатысушылар жасанды интеллект технологияларының тек игілікке ғана емес, өкінішке қарай, алаяқтық әрекеттерде де қолданылатыны туралы білді. Сабақ барысында күмәнді хабарламалар мен қоңырауларды қалай тануға болатыны, жеке деректерді қалай қорғау керектігі және алаяқтардың айла-тәсілдеріне қалай алданбау керектігі талқыланды.

Кездесу өте танымды, пайдалы әрі қызықты өтті. Белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөліскен барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Өйткені білім мен сақтық – интернет-алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1257016?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version