Достық станциясындағы КПб және Бескөл станциясындағы КПб қызметкерлері Бескөл станциясында орналасқан локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында жылжымалы құрамнан жүк ұрлығының, тепловоздардан дизель отынын заңсыз ұрлау фактілерінің және теміржолдың жоғарғы құрылыс бөлшектерін талан-таражға салудың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларды уақтылы анықтау мақсатында тепловоздарға бейнебақылау камераларын орнату мәселесі қарастырылды. Тараптар өзара іс-қимылды күшейту, ақпарат алмасуды жетілдіру және теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу қорытындысы бойынша жоспарланған профилактикалық іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру және теміржол мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1257666?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау