Безгек алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Безгек –   Plasmodium тектес паразиттерден туындайтын және Anopheles түріндегі масалардың шағуы нәтижесінде адамдарға берілетін трансмиссивті ауру.

 Адамда безгекті тудыратын паразиттердің төрт түрі бар және олардың екеуі — P.falciparum және P. vivax —  ең көп таралған және өлімге әкелуі мүмкін.

Аурудың инкубациялық кезеңі – 7 күннен 3 жылға дейін (паразит түріне байланысты) болуы мүмкін.

Түркістан облысында бұл инфекцияның тасымалдаушылары мекендейтін анофелогенді су қоймалары табиғи ошақтардың болу безгектің пайда болу ықтималдығы жоққа шығармайды.

Жыл сайын инфекцияны тасымалдаушылардың белсенділік кезеңінде безгекке профилактикалық қарсы өңдеу жүргізіледі.

                       Профилактикалық іс-шаралар:

Қансорғыш жәндіктепдің шағыны алдын алу мақсатында механикалық қорғаныс құралдарын (перде, торлар) және репелленттерді, үй-жайларда аэрозольдар мен инсектицидтерді пайдалану қажет.

Безгек  ауруының алдын алу мақсатында соңғы үш жыл ішінде безгек бойынша эндемиялық елдерден келгендерде дене қызуы жоғарлауы, қалтырау бас ауруы симптомдар пайда болған кезде дәрігерге қаралу керек.

          Шет елдерге барар алдында дәрігердің кеңесінен кейін безгекке қарсы препараттарды қабылдау.

Эндемиялық елдерден келгеннен кейін міндетті түрде дәрігерге қаралу.

  Есте сақтаңыз: безгекті емдеуден гөрі, оның алдын алу оңай.

               Қазіргі профилактика адам өмірін сақтайды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-turkestan/press/news/details/1257259?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version