Бүгін кезекті аудандық аппараттық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары пысықталды. Күн тәртібіне сәйкес, бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің 2026 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары мен алдағы мақсат-міндеттері туралы баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда:
Жер қатынастары бөлімінің басшысы жер телімдерін тиімді пайдалану, заңсыздықтарды анықтау және қайтару бағытындағы көрсеткіштерді ортаға салды;
Құрылыс бөлімінің басшысы аудандағы инфрақұрылымдық нысандардың сапасы мен құрылыс жұмыстарының барысын баяндады;
Мырзатай және Жалғызтөбе ауылдық округтерінің әкімдері өз аумақтарындағы атқарылған абаттандыру, әлеуметтік мәселелердің шешілуі және тұрғындардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстарды тізбектеді.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан басшылығы тарапынан баяндамашыларға жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, алдағы жоспарларды уақытылы әрі сапалы орындау жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1255704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version