Төлеш Манас Бақтиярұлы Бұланды ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Манас Бақтиярұлы 2021 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша, 2023 жылы Alikhan Bokeikhan University-ді «Құқықтың өзекті мәселелері» білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2021 жылы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласында бастаған. Әр жылдары бас маман, кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінде және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде бас сарапшы қызметтерін атқарған.
Бүгін Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов жаңа басшыны Бұланды ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымына және аудан активіне таныстырды. Ол Манас Бақтиярұлын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс, жемісті еңбек тілеп, кәсіби білімі мен тәжірибесі алға қойылған міндеттерді сапалы орындауға және ауданның санитариялық-эпидемиологиялық саласының тиімді дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1257348?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау