Целиноград ауданында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев және Қаражар ауылдарында жаңа спорттық және балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Аудан әкімі өз сөзінде мұндай жобалардың балалар мен жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен айналысуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа алаңдар тұрғындардың белсенді демалысына қолайлы жағдай жасап, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1256113?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version