Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою ережелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 Абай облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаменті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін еске салады.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен ерекше назар аударуды талап ететін нақты талаптар бекітілген:

🔹 Кім және қалай жояды?
300 қаптамаға (данаға) дейін: Жоюды ұйымның өзі жүзеге асырады. Ол үшін басшы тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамын (кемінде 3 адам) бекітеді.

300 қаптамадан (данадан) астам: Процедура шарт негізінде тек мамандандырылған ұйым арқылы ғана жүргізіледі.

Маңызды: Екі жағдайда да ҚР қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары қатаң сақталады.

🔹 Мерзімдері және сақтау
Жоюға дейін жарамсыз өнімдер (брак, мерзімі өткен, фальсификат) арнайы бөлінген қорғалған орында оқшауланып, «Тиісті шаралар қабылданғанға дейін өткізуге жатпайды» деген затбелгімен белгіленуі тиіс.

Жою жұмыстары өнімнің жиналуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде 1 рет — комиссияның қатысуымен және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

🔹 Актіні ресімдеу
Жою актісі бекітілген нысан бойынша тура жойылған күні жасалады.

Актінің бір данасы жасалған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде міндетті түрде аумақтық Департаментке жіберіледі.

⚠️ Осы ережелерді бұзу ҚР заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Процедураны мұқият бақылауда ұстауды және есептілікті уақтылы ұсынуды сұраймыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1256244?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version