Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою кезінде талаптарды сақтау туралы
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Қағидаларға сәйкес жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен, жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден немесе сапаны бағалаудан өтпеген, сондай-ақ заңнама талаптарына, сақтау және тасымалдау шарттарына сәйкес келмейтін өнімдер қалған өнімдерден оқшауланып, арнайы бөлінген қорғалған сақтау орнына орналастырылып, «Тиісті шаралар қабылданғанға дейін өткізуге жатпайды» деген таңбамен белгіленуі тиіс.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоюды субъект басшысы бекітетін, кемінде үш мүшеден тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия жүзеге асырады. Егер жойылуға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың саны 300 қаптамадан (данадан) асса, олар тиісті шарт негізінде мамандандырылған ұйым арқылы жойылады.
Қағидаларда дәрілік түрі мен медициналық бұйымның ерекшелігіне қарай оларды әрі қарай пайдалануға мүмкіндік бермейтін әртүрлі жою тәсілдері көзделген.
Айта кету керек, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жинақталған сайын, бірақ тоқсанына кемінде бір рет, комиссияның қатысуымен оларды жою жүргізіледі. Бұл есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Жою актісі жою жүргізілген күні үш данада жасалып, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Актінің бір данасы 5 жұмыс күні ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1257460?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау