Абай облысының аудандарына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ниятқабылов пен Абай облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қуаныш Сүлейменов еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру кездесулерін жалғастыруда.
8 шілде күні Департамент пен Кәсіподақтар орталығының өкілдері «Di-Nur company» ЖШС-не барып, кәсіпорын директоры Серік Рамбаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестікті дамыту, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері талқыланды.
Еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта кәсіпорында май өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау және еңбекті қорғауды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мәселелері айрықша маңызға ие.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1256587?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау